Unde
Projects for Peace · Middlebury College · Жазира Қаратаева · MNU

Барлық балалар сөйлеуге лайық

Ата-аналарға арналған тегін ресурс — үйде күнделікті айналысуға арналған скрининг, бейнесабақтар және материалдар. Сөйлеу тілін жалпы дамытуға және сөйлеу тілінің дамуы кешеуілдеген кезде жұмсақ түзету жасауға арналған.

Основательница проекта с ребёнком

Назар аударыңыз

Бұл сайт маманның орнын баспайды. Ол профилактика және ата-аналарды қолдау мақсатында жасалған. Қауіп белгілері болса — логопедке немесе педиатрға жүгініңіз.

САЙТТЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК

Балаға қолдау көрсетуге арналған үш қарапайым қадам

  1. 1

    «Скрининг» бөліміне кіріп, балаңыздың жас аралығын таңдаңыз. Егер бала 1 жасқа толмаса, 1–2 жасқа арналған тестті, ал 6 жастан асса, 5–6 жасқа арналған тестті таңдаңыз. Нәтиже «қызыл аймақта» болса, салыстыру үшін кішірек жасқа арналған тестті тапсырыңыз. «Қызыл аймақ» қайталанса, логопедке немесе педиатрға жүгініңіз.

  2. 2

    Тесттен кейін нәтиженің астындағы ұсынылған бейнелерді қараңыз. Олардан балаңыздың сөйлеу дамуының осы кезеңінде оған қалай көмектесуге болатынын білесіз. Басқа бейнелерді де қарауға кеңес береміз: оларда теория да, практика да бар.

  3. 3

    Үйде жаттығу үшін «Материалдар» бөлімін ашыңыз. Жаттығулардың сипаттамасын оқып, қажеттілерін таңдаңыз. Материалдарды басып шығарып, күн сайын 7–10 минут жаттыққан дұрыс.